Үйде болсаңыз да, жұмыста болсаңыз да немесе кассада кофеге тапсырыс беру үшін қызықты есім ойлап тапсаңыз да, онлайн қауіпсіздігіңізді қорғау — Mozilla үшін басты басымдық. Көптеген смарт технологиялық өнімдер сияқты, Android құрылғыларында құрылғыңызды қорғайтын кірістірілген қорғаныс функциялары бар. Mozilla ұсынған Android-қа арналған VPN арқылы саусағыңызды бір шертумен қауіпсіздікті одан әрі күшейте аласыз.
Жылдам әрі қауіпсіз WireGuard VPN протоколын пайдалана отырып, біздің VPN құрылғыңыз бен VPN серверлер желісі арасындағы интернет-трафикті шифрлей алады. Бұл жолда жүргенде веб-трафигіңізді қорғауға көмектеседі. Бұл үстел басында ұшып жүрген шыбыннан бал қосылған көк шайыңызды қорғайтын қақпақ сияқты.
VPN менің Android құрылғымды қалай қорғайды?
VPN мыналарды болдырмауға көмектеседі:
- Интернет-белсенділігіңіздің көрінуін, содан кейін жарнама берушілерге сатылуын немесе олармен бөлісілуін.
- Интернет-провайдеріңіздің (ISP) баяу және шектелген өткізу қабілетіне байланысты видео ағынының төмен сапасын.
- Қоғамдық Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жеке деректеріңіздің ұрлануын.
Неліктен Android-қа арналған Mozilla VPN жүктеп алуым керек?
- Орналасқан жеріңізді көрсетпестен интернетке шолу жасаңыз.
- Дәмханаларда, әуежайларда және т.б. жерлерде қоғамдық Wi-Fi-ды сенімдірек пайдаланыңыз.
- Орналасқан жерге негізделген жабысқақ жарнамалардан аулақ болыңыз.
Mozilla VPN мобильді қолданбасы шағын, сондықтан ол жадты көп алмайды, телефонды баяулатпайды және батареяны тауыспайды.
Сізді аңду және ақпаратыңызды сату арқылы өз серверлерінің ақысын төлейтін тегін VPN немесе прокси сайттардан айырмашылығы, Mozilla қайда барғаныңыз және не істегеніңіз туралы жазбаларды сақтамайды.