Бүгінгі таңдағы мобильді әлемде біз байланыс, ойын-сауық және жұмыс үшін мобильді телефондарымыз бен құрылғыларымызға сенеміз. Алайда, VPN-сіз сіздің жеке ақпаратыңыз бірнеше қауіпсіздік пен жекелік қатерлеріне осал болуы мүмкін.
Мобильді құрылғы үшін VPN маған неге керек?
- Mozilla VPN мобильді қолданбасы шағын, сондықтан ол жадты көп алмайды, телефонды баяулатпайды және батареяны тауыспайды.
- Егер сіздің интернет-провайдеріңіз (ISP) видео қарап, музыка тыңдап немесе стрим жасап жатқаныңызды білсе, ол сіздің өткізу қабілетіңізді шектеуі мүмкін.
- Сіздің интернет-провайдеріңіз өзіне ұнамайтын немесе өз қызметтерімен бәсекелесетін веб-сайттарды немесе қызметтерді бұғаттау мүмкін.
- Хакерлер кафелер немесе әуежайлар сияқты қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдаланған кезде жеке деректеріңізді ұрлауы мүмкін.
VPN тек браузерде ғана емес, бүкіл құрылғыда, демек мобильді қолданбаларыңызда да жұмыс істейді. Әрі өз серверлерінің ақысын сізді аңду және ақпаратыңызды сату арқылы төлейтін тегін VPN-дер немесе прокси-сайттарға қарағанда, Mozilla сіздің қайда баратыныңыз және не істейтініңіз туралы жазбаларды сақтамайды.