Mozilla VPN

Mozilla ұсынған iOS/iPad-қа арналған VPN

iPad-ты қорғау үшін VPN іздеп жүрсіз бе? Mozilla VPN коммерциялық емес компанияның қолдауына ие. VPN сізді қалай қорғайтынын және неліктен жекелік пен қауіпсіздік мәселесінде Mozilla компаниясына сену керектігін біліңіз.

Mozilla VPN алу

Егер сізде iPad болса, оны көптеген нәрселер үшін пайдаланатын шығарсыз: интернетте шолу жасау, видеолар көру, ойын ойнау, кітап оқу және т.б. Бірақ үйде болсаңыз да, жолда болсаңыз да, интернет қосылымыңыз жеке деректеріңіз бен орналасқан жеріңізді хакерлерге, жарнама берушілерге және сізді бақылау үшін кукилер мен IP-ді пайдаланатын басқа үшінші тараптарға ашып қоюы мүмкін.

Сондықтан сізге желідегі әрекеттеріңізді бөгде көздерден аулақ ұстайтын жылдам, сенімді және қолдануға оңай VPN қызметі — Mozilla VPN қажет.

Mozilla VPN дегеніміз не?

Mozilla VPN — бұл интернет-трафикті шифрлейтін және IP адресіңізді жасыратын виртуалды жеке желі қызметі.

Mozilla VPN көмегімен келесілерді ала аласыз:

  • 5 құрылғыға дейін қорғау: Бір жазылыммен Mozilla VPN қызметін iPad-та және тағы төрт басқа құрылғыда пайдаланыңыз. Оны Windows, macOS, Linux, iPhone және Android жүйелерінде де пайдалануға болады.
  • 30-дан астам елдегі серверлерге қол жеткізу: Интернетке қосылу үшін бүкіл әлем бойынша 30-дан астам елдегі 500-ден астам сервердің ішінен таңдай аласыз. Бұл сізге қалаған мазмұнға қол жеткізу үшін көбірек таңдау мен икемділік береді.
  • Құрылғы деңгейіндегі трафикті шифрлеу: Mozilla VPN трафикті құрылғыңыздан шықпас бұрын шифрлейді, тек браузеріңіздегіні ғана емес, сонымен қатар қолданбалар, ойындар және стриминг қызметтеріндегіні де. Сондай-ақ Mozilla VPN қызметін жекелігіңізге нұқсан келтіруі мүмкін жарнамалар мен трекерлерді бұғаттау үшін пайдалана аласыз.
  • Желідегі әрекеттердің журналы жоқ: Mozilla сіздің қай сайттарға кіретініңізді жазып алмайды және хабарламаларыңызды тексермейді.
  • Қоғамдық Wi-Fi желісін қауіпсіз пайдаланыңыз: Кофехана немесе әуежай сияқты қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылғанда, деректеріңізді хакерлер немесе қаскөйлер ұстап алуы мүмкін. Mozilla VPN көмегімен деректеріңіз біреудің желідегі әрекетіңізді аңдуын болдырмау үшін шифрленеді.

Mozilla VPN қызметін әлемдегі ең танымал және жекелікке бағытталған браузерлердің бірі — Firefox-ты қолдайтын коммерциялық емес Mozilla Foundation ұйымы қолдайды. Mozilla VPN таңдау арқылы сіз интернетті барлығына ашық және қолжетімді ету миссиямызды қолдайсыз.