Mac қолданған кезде VPN (виртуалды жеке желі) онлайн жекелік пен қауіпсіздік үшін өте қажет. Хакерлер мен интернет провайдерлері сіздің онлайн әрекеттеріңізді бақылай алады немесе жеке деректеріңізді ұрлай алады.
Бірақ жақсы VPN табу қиын болуы мүмкін. Кейбіреулері баяу, сенімсіз және тіпті онлайн әрекеттеріңіздің журналдарын сақтайды. Сондықтан біз Firefox браузерін жасаған адамдар ұсынған жылдам, қауіпсіз және сенімді Mozilla VPN қызметін жасап шығардық.
Mozilla VPN көмегімен сіз аласыз:
- Қарапайым және ыңғайлы интерфейс арқылы бір шертумен жекелікті қамтамасыз ету.
- Бір жазылыммен 5 түрлі құрылғыны қосу, соның ішінде Mac-тан бөлек iOS, Windows, Linux және Android бар.
- Біздің VPN-ді қалағаныңызша қолдану. Айына тек белгілі бір деректер көлемін ғана қорғайтын кейбір VPN қызметтерінен айырмашылығы, біз трафикті шектемейміз. Қанша дерек қолдансаңыз да, олар әрқашан қорғалатын болады.
- Трафигіңіз үшін құрылғы деңгейіндегі шифрлеуді алу. Тек браузер трафигін ғана шифрлейтін басқа шешімдерден айырмашылығы, Mozilla VPN бәрін шифрлейді, бұл қай қолданба қолданылса да интернет трафигіңізді қорғауды қамтамасыз етеді.
- Интернет провайдерлеріне өздеріне ұнамайтын немесе өз ұсыныстарымен бәсекелесетін веб-сайттарды немесе қызметтерді баяулатуға немесе бұғаттауға жол бермеу. Толығырақ ақпарат алу үшін «Желі бейтараптығы» туралы оқи аласыз.
Неліктен Mozilla VPN?
Mozilla — интернеттің барлығы үшін ашық және қолжетімді болуы үшін жұмыс істейтін ұйым және бізді коммерциялық емес ұйым қолдайды. Mozilla VPN қызметін пайдаланған кезде сіз өзіңізді онлайн қорғап қана қоймай, Mozilla миссиясына қолдау көрсетесіз. Mozilla VPN қауіпсіз, бастапқы коды ашық және оны қауіпсіздік мамандары мен Firefox жасаушылары әзірлеген.
Mozilla сіз кіретін веб-сайттарды тіркемейді немесе байланыстарыңызды тексермейді. Сондай-ақ бізде 30 күндік ақшаны қайтару кепілдігі бар: ешқандай қиындықсыз, ешқандай тәуекелсіз.