Деректердің жекелік қағидаттары

Келесі бес қағидат Mozilla манифестінен шығады және біздің жұмысымыз туралы келесі аймақтарда ақпаратты береді:

  • өнімдер және қызметтерімізді жасау
  • біз жинайтын пайдаланушылар деректерін басқару
  • серіктестерді таңдап, олармен өзара әрекеттесу
  • публикалық саясатты және түсіндірме жұмыстарын пішімдеу
  1. Тосын сыйларсыз

    Ақпаратты айқын түрде және пайдаланушы пайдасына әкелетін түрде қолданып, бөлісу.

  2. Басқару пайдаланушы қолында

    Пайдаланушы өз деректерін және желідегі әрекеттерін басқара алатындай өнімдерді жасау және ең жақсы іс-тәжірибелерді қолданатындай түсіндіру.

  3. Шектелген деректер

    Тек керек деректі жинап, мүмкін жерде олардан жеке ақпаратты өшіру және керек емес кезінде ол деректерді өшіру.

  4. Саналы баптаулар

    Қауіпсіздік және пайдаланушы әдеттерінің арасында ақылмен істелген теңгерімді қамтамасыз ету.

  5. Көпдеңгейлі қорғаныс

    Бірнеше деңгейлі бақылауды қолданып, көбі публикалық тексеруден өткен қауіпсіздік іс-тәжірибелерін қолдану.