Интернетті жақсарту үшін сіздің талантыңыз қажет
Mozilla — интернеттің баршаға ашық әрі қолайлы болуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым. Бізге сіздің көмегіңіз қажет. Қоғамдастығымызға қосыла отырып, сіз инновацияларды ілгерілетуге, есептілік пен сенімді нығайтуға және интернеттің барлығы үшін жақсырақ орынға айналуына үлес қоса аласыз.
Қалай үлес қоса аласыз…

Мазмұнды аудару
Интернет барлық жерде түсінікті болғанда ғана глобалды деңгейге ие болады. Mozilla өнімдері мен веб-сайттарын өз тіліңізге аударуға көмектесіңіз.

Mozilla код базасына үлес қосыңыз
Әртүрлі әзірлеу мүмкіндіктеріне үлес қосу арқылы Mozilla өнімдерін белсенді түрде жақсартуға атсалысыңыз.

Жеке және іс-шараларды ұйымдастыру
Mozilla өнімдерінің қолдануға ыңғайлы болуына көмектесіңіз. Mozilla қолдау қоғамдастығының форумдарында пайдаланушылардың көмек сұраған сұрақтарына жауап беріңіз.

Қауымдастыққа қосылыңыз
Mozilla қоғамдастығына көбірек үлес қосқыңыз келе ме? Біздің Қоғамдастық порталындағы барлық волонтерлік мүмкіндіктермен танысыңыз.
Біздің миссиямыз
Біздің мақсатымыз - Интернет әркім үшін ашық және қолжетерлік глобалды публикалық ресурс ретінде қалатынын қамтамасыз ету. Адамдарды өз алдына қоятын Интернет, онда әркім өз тәжірибесін дамыта алады және мықты, қауіпсіз әрі тәуелсіз болып қала береді.
Сіз сияқты ынталы адамдар жасаған
Сіз Mozilla қоғамдастығына үлес қосқан кезде, интернеттің жақсылыққа қызмет ететін күш болып қалуын қамтамасыз етуде бәріміздің де рөліміз бар деп сенетін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған адамдардан құралған глобалды қоғамдастықтың бір бөлігіне айналасыз.
Біз интернеттің әртүрлі, инновациялық және оған аса мұқтаж жандар алдында есепті болуы үшін қоғамдастықтың өзара іс-қимылы өте маңызды деп сенеміз. Сіздің технология саласында немесе қоғамдық жұмыстарда тәжірибеңіз болсын, әлде тек компьютеріңіз бен бос уақытыңыз болсын — сіз интернетті жақсартуға көмектесе аласыз.