Бұл сайт туралы
www.mozilla.org веб-сайты жиырма жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Интернет жылдарымен есептегенде, бұл динозаврлар дәуірінен бергі уақыт. Осылайша, www.mozilla.org — Mozilla негізінің қалануына куә болған ашық бастапқы код қозғалысынан бастау алатын интернеттің іргетасы.
Бүгінде бұл сайтқа адамдар Mozilla туралы көбірек білу және Mozilla VPN қызметін қолданып көру үшін келеді. Сондай-ақ жол-жөнекей бірнеше "пасхалкаларды" табуға болады.
Көптеген өнімдеріміз сияқты, бұл веб-сайт та ашық бастапқы кодты:
- GitHub сайтындағы бастапқы кодты көру
- Ақаулығы туралы хабарлау
- Код базасына үлес қосу
- Аудармаларға үлес қосу
- Құжаттаманы оқу
Қолданылған жобалар
Бұл сайтты жасау кезінде қолданылған кейбір ашық кодты жобалар:
- Серверлік веб-фреймворк ретінде Django, ал шаблондау үшін Jinja қолданылды.
- Mozilla ұсынған фронтенд компоненттері мен брендингке арналған Protocol дизайн жүйесі.
- Тілдерді аударуға арналған Mozilla компаниясының Fluent локализация жүйесі.
- Басқа да көптеген шағын кітапханалар мен фреймворктарды біздің GitHub репозиторийімізден таба аласыз.
Веб-кеңістікті жақсырақ етуге көмектескен барлық Mozilla үлес қосушыларына алғыс айтамыз.