Firefox

Орналасуыңызды ескеретін шолу

Firefox сізге ең қажетті, ең пайдалы ақпарат ұсыну үшін, веб-сайттарға сіздің географиялық орныңыз туралы мәлімет жібере алады. Мұның бәрі, әрине, сіздің қауіпсіздігіңіз бен құпиялығыңызға ешбір кедергі жасамайды. Өзіңіз сынап көріңіз!

Жиі қойылатын сұрақтар

Орналасуды ескеретін шолу деген не?

Орналасуыңызды ескеретін шолуды пайдаланатын веб-сайттар сіздің географиялық орныңызды сұрау арқылы сізге ең қажетті ақпарат ұсынуға не іздеу кезінде уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз ең жақын орналасқан кітап дүкенін іздедіңіз дейік. Веб-сайт сіздің орналасуыңызды біле тұра "кітап" деп іздегенде, өзі-ақ ең жақын дүкенді тауып береді. Ешбір артық ақпарат талап етілмейді.

Немесе, бір жерге барудың маршрутын құрап жатсаңыз, веб-сайт сізден барар жеріңізді ғана сұрап, бастапқы нүктеден керек жерге дейінгі жолды өзі айтып береді.

Бұл қызмет толығымен қалауыңыз бойынша ғана жұмыс істейді – Firefox сіздің географиялық орныңызды өзіңіз айтпағанша ешқайда жібермейді. Осылайша сіздің құпиялығыңыз сақталады. Айтқандай, Firefox браузерінің басқа элементтері сияқты, бұл мүмкіндік те толығымен ашық стандарттар негізінде жасалған.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Орналасуыңызды ескеретін шолуды пайдаланатын веб-сайтқа өткен кезде, Firefox сізден географиялық орныңыз туралы мәліметті жібреуді сұрайды.

Келіскен жағдайда, Firefox жақын тұрған сымсыз қатынау нүктесі туралы ақпарат пен компьютеріңіздің IP адресін Google Location Services - әдеттегі геолокациялық қызмет ұсынушыға жібереді. Осы арқылы сіздің географиялық орныңызды бағалауға болады. Веб-сайтқа осы бағаланған деректер жіберіледі.

Келіспеген жағдайда, Firefox ештеңе істемейді.

Орналасу туралы ақпаратқа қаншалықты сенуге болады?

Бағалаудың дәлдігі әр түрлі. Кейбір жерде біздің қызметіміздің дәлдігі метрге дейін жетсе, басқа жерде дәлдік әлдеқайда нашар болуы мүмкін. Қызметтің нәтижелері жалпыланған түрде болғандықтан, маңызы жоғары төтенше жағдайларда пайдаланбауыңызды сұраймыз.

Қандай мәліметтер жиналады және кімге жіберіледі? Құпиялық қалайша қамтамасыз етіледі?

Сіздің құпиялығыңызды сақтау біз үшін өте маңызды, сондықтан Firefox өзіңіз айтпағанша, ешкімге географиялық орныңыз туралы мәлімет жібермейді. Осындай ақпаратты сұрайтын веб-сайтқа келген кезде, ақпарат осы сайтқа да, үшінші жақтарға да жіберілмей тұрып сізден рұқсат сұралады.

Әдетте, Firefox браузері Google Location Services пайдаланып сіздің орналасуыңызды анықтауы үшін келесі ақпаратты жібереді:

  • компьютеріңіздің IP адресі,
  • жақын тұрған сымсыз қатынау нүктесі туралы ақпарат және
  • Google тағайындаған, жарамдылығы 2 аптаға тең клиенттің кездейсоқ идентификаторы.

Firefox жинайтын әрі пайдаланатын ақпараттың толық сипаттамасын алу үшін Firefox Privacy Policy (ағылшын тілінде) оқып шығыңыз.

Содан кейін Google Location Services жауап ретінде бағаланған геолокациялық деректер (яғни ендік пен бойлық) жібереді. Google жинайтын әрі пайдаланатын ақпарттың толық сипаттамасын алу үшін Google Geolocation Privacy Policy (ағылшын тілінде) оқып шығыңыз.

Сіздің құпиялғыңызды қорғау үшін, ақпарат шифрланған байланыс арқылы алмасады. Firefox қабылданған деректерді сұраған веб-сайтқа жібереді. Firefox ешқашан сіз қарап отырған веб-сайттың атын, cookies файлдарын, адресін Google Location Services қызметіне жібермейді.

Mozilla да, Google де Google Location Services арқылы жиналған ақпаратты сізді сыртыңыздан бақылау үшін не сізді анықтау үшін пайдаланбайды.

Сұраныс жасаған веб-сайттың жиналған ақпаратпен не істейтіндігін білу үшін, сол сайттағы құпиялық саясатын қамтамасыз ету құжатымен танысып шығыңыз.

Өзіңіздің құпиялығыңыз туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі құжаттармен танысып шығыңыз:

Интернетте отырған кезімде мені біреу бақылай ма?

Жоқ. Веб-сайт сұраған кезде, Firefox сіздің орналасуыңыз туралы сұрау ғана жібереді. Өзіңіз айтпағанша, Firefox географиялық орналасу туралы ақпаратты ешкіммен бөліспейді. Firefox сіздің орналасуыңызды Интернетте жұмыс істеу кезінде бақыламайды да, сақтамайды да.

Сайтқа берген рұқсатты қалай алып тастауға болады?

Егер сіз кезінде Firefox браузеріне өзіңіздің орналасуыңызды веб-сайттарға жіберуге рұқсат беріп, ал енді қайтып алғыңыз келсе:

  • Рұқсат берген сайтқа өтіңіз
  • Саймандар мәзірінің Парақ туралы ақпарат пунктін таңдаңыз
  • Рұқсаттар бетіп ашып,
  • Орналасуды ортақтасу параметрін өзгертіңіз

Орналасуды ескеретін шолуды қалайша біржола өшіруге болады?

Орналасуды ескеретін шолу толығымен қалауыңыз бойынша ғана жұмыс істегендіктен, өзіңіз рұқсат бермегенше орналасу туралы ешқандай ақпарат жіберілмейді. Осы мүмкіндікті толығымен өшіруді қаласаңыз:

  • Адрес жолында about:config енгізіңіз
  • geo.enabled деп теріңіз
  • Табылған geo.enabled параметрін екі рет шертіңіз
  • Орналасуыңызды ескеретін шолу өшірілді

Өзімнің веб сайтыма геолокация қолдауын қалай қоса аламын?

Сіз өз қызметіңізге геолокация қолдауын Mozilla өндіруші орталығындағы нұсқамаға сәйкес қоса аласыз.